«Ресурс» бағдарламасының артықшылықтары туралы


«Қазақ психологиялық қоғамы» РҚБ ғалымдары мен мамандары, «Жанұя» отбасын қолдау орталығы » ҚҚ қызметкерлерімен бірлесе отырып, зияткерлік меншік құқығы департаментінде тіркелген (28 қыркүйек 2017 жылғы № 2174 авторлық куәлігі бар), автоматтандырылған «Ресурс» балалар психологиялық жағдайын диагностикалау жүйесін» әзірледі.

Бұл бағдарлама зорлық-зомбылықтың кез келген түріне: физикалық, психологиялық, сексуалдық, буллинг және басқа да зорлық-зомбылық түрлері, суицидке бейімділігі бар балаларды сондай-ақ отбасындағы жағымсыз психологиялық климатқа ұшыраған балаларды анықтауға арналған. Осындай балалармен жұмыс жасау әлеуметтік бас тартудың, отбасылық проблемалардың және жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауының алдын-алудың негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

Бұл бағдарламаның басты артықшылығы - бұл жүйе арқылы отбасының психологиялық портретін жасауға болады. Бағдарлама бір уақытта қалалық, аудандық және республикалық ауқымда "Психологиялық картаны" құрастыра отырып, балалардың көп санын қамтуға, сонымен қатар, жасөспірімдерге ғана емес, олардың отбасыларына да әлеуметтік-психологиялық көмекті уақытылы көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл тестілеу әдісі дәлірек әрі үнемді болып табылады, қолмен тестілеуге қарағанда аз уақыт пен қаражатты талап етеді. Мұны балалар тест тапсырып жатқанда және тест нәтижелерін бақылау үшін онлайн режимінде бір уақытта жасауға болады. Бағдарлама бір сыныпта, мектепте, ауданда, қалада тесттен өтуін бір уақытта бақылауға мүмкіндік береді.

Бағдарлама мен әдістемелік ұсынымдар қазақ және орыс тілдерінде, меншікті жұмыстары мен үздік әлемдік тәжірибелерді бейімдеу негізінде, көрнекті отандық мамандардың: «Түзету Педагогикасының Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» ММ, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясының, сонымен қатар Қазақстанның жетекші психолог ғалымдарының, психология ғылымдарының докторлары, профессор Шерьязданованың К.Т. және т.б. рецензиялары бар.


Тестілеуге дайындық жұмыстары.


«Ресурс» бағдарламасының әдіснамасы бойынша, табысты зерттеулер жүргізу үшін оқытушылар құрамы мен мектеп әкімшілігінің алдын-ала дайындық жұмыстары қажет. Нәтижелердің едәуір дұрыс болуына, осы кезеңнің ұйымдастыруы мен өткізуіне байланысты. Тестілеу өткізгенге дейін, 7-11 сыныптар аралығында, ата-аналар жиналысын өткізу қажет. Жасөспірімдер арасында тестілеудің қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Бұл бағдарлама зорлық-зомбылықтың кез келген түріне: физикалық, психологиялық, сексуалдық, буллинг және басқа да зорлық-зомбылық түрлері, суицидке бейімділігі бар балаларды анықтауға мүмкіндік береді. Ата-аналар өз балаларының психологиялық жағдайына қатысты қосымша ақпаратқа мүдделі болуы тиіс. Жиналыс аяқталғаннан кейін, тестілеуден өтуге келісім беру және/немесе одан бас тарту туралы өтінішті, алдын ала дайындалған үлгілік бланкілерде жинау қажет. Өтінімнің үлгісі сайтта.

Бұл бағдарлама мектеп психологтарына, қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды анықтау құралы ретінде көмектесуге арналған.

Тестен өту тәртібі.


Негізгі талап: мектепте немесе колледжде интернеттің болуы.

Google Chrome браузерін пайдаланыңыз.


Психологтар жұмысының тиімділігін арттыру үшін «Педагог-психологтың жеке кабинеті» әзірленді, ол сайтта авторизациядан кейін пайдаланушыларға қолжетімді болады, онда педагог-психологтың өз жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсынылған нұсқаулық бар. , өзінің мектебі, колледжі туралы барлық деректерді көрсетеді.

Педагог-психолог Пин-кодты тестіленушіге кез келген қолжетімді тәсілмен жарияланады. Оны енгізу арқылы, мектеп туралы ақпарат автоматты түрде толтырылады. Білім алушыларға тек өзінің аты-жөнін енгізіп, тест тапсыруды бастауға болады



Тестілеу дүйсенбіден сенбіге дейін 8:00-ден 18:00-ге дейін өткізіледі. Жексенбі демалыс күні.


Тест өту кезінде, бала сыныпта компьютердің алдында, қалыпты жағдайда, әр орынға бір- бірден орналасуы қажет. Тығыздықта, еркін жүргендерден, жақын арада тұрғандардың және басқа балалардың кеңес берудің әсерінен, тест тапсырмаларына жауап беруге тыйым салынады. Тестілеу кезінде, балаларға, тест сұрақтарына ойланып жауап берулеріне еркерту қажет.

Карантин жағдайында, оқу процесі онлайн режимде өтіп, білім алушылар мектепке бармағандықтан, оқушыларға сайтқа сілтеме беріп, оларды тестті орындау тәртібімен таныстыру қажет. Тестіленуші сұрақтарға өз бетінше жауап беруі тиіс, жақын туыстарының пікірі оның жауаптарына әсер етпеуі тиіс. Тестілеу ыңғайлы болу үшін, ұялы телефонға арналған мобильді қосымшасы өңделген PFZH мобильді қосымшасын Google play market-тен жүктеуге болады.

Тестілеуден өту үшін, Сізге, «Жанұя» отбасыны қолдау орталығы» Қоғамдық қорының www.pfzh.kz веб-сайтына кіру қажет, оның басты бетінде «Тесттен өту» пернесі орналасқан. Сайттың электрондық мекенжайы, егер ол сынып тақтасында жазылған болса, әр оқушыға жақсы көрінуге немесе қағаз бетінде жазылған, және әр компьютердің жанында бекітілуі тиіс. Мектептегі оқыту тіліне байланысты тестілеу тілін - орыс немесе қазақ тілдерінде таңдауға болады.

Келесі бетте «Ресурс» бағдарламасы бойынша ақпарат жазылған және «Тестке өту» пернесін басу арқылы, тестіленуші келесі бетте өзінің дербес деректерін тіркейді.

Сауалнамалық деректерді толтыру кезінде ерекше назар аудару қажет. Егер параметрлердің біреуі толтырылмаған болса, онда бұл жол қызыл түспен бөлінеді және оның барлық жолдары толтырылмайынша тестілеуден өту мүмкін болмайды.

Өзінің деректерін тіркегеннен кейін, тестіленуші 4 тесттен тұратын топтамаға көшеді. Тест өту уақыты шамамен 25-40 минутты алады. Тест нәтижелерін «Жанұя» отбасын қолдау орталығы» ҚҚ бағдарлама әкімшісі жинақтайды және өңдейді.

Тест нәтижелері қызметтік ақпарат болып табылады және қажет болған жағдайда педагог- психолог ата – аналармен жеке әңгімелесуде және тек жеке тәртіппен - алдымен ата-аналарға, содан кейін балаға жеткізілуі тиіс. Ешбір жағдайда «қауіп аймағына» түскен балалар мен ата-аналарды бірге жинамаңыздар!

Педагог-психологтың жеке кабинеті туралы ақпарат




Бұл психологиялық және басқа да көмекке мұқтаж балаларды тиімді анықтауға мүмкіндік беретін, оқушылардың деструктивті мінез-құлқын еңсеру әдістерін егжей-тегжейлі сипаттайтын, мектеп пен үйдегі жасөспірімдердің қарым-қатынастарын үйлестіруге көмектесетін бағдарламалар кешені, қажетті есеп құжаттамасы бойынша анықтамалық ақпарат, әдістемелік ұсынымдар мен оқыту материалдары бар педагог-психологтардың жан-жақты жұмыс құралы.

Жеке кабинет мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылған және келесі материалдардан тұрады:

- мектеп психологының жұмысын жалпы ұйымдастыру бойынша ұсынылған әдістемелік нұсқаулар;

- «Ресурс» және «Сигнал» бағдарламалары бойынша балаларды онлайн тестілеу нәтижелері;

- педагог-психологтың тәуекел аймағындағы балалармен жұмысының практикалық әдістерін егжей-тегжейлі талқылайтын авторлық бағдарламалар бойынша оқыту бейне курстары.

- оқушының психологиялық картасы;

- психодиагностикалық әдістер;

- психокоррекциялық жұмыстың әдістері;

- нормативтік құжаттар бойынша материалдар;




Толық сипаттама (PDF)
Тестілеуге дайындық жұмыстары. (PDF)
Кеңсеге кіруге өтініш формасы

Ата-аналарға арналған ақпарат



Ата-аналар университетінің демо-кабинетіне кіру үшін осы логин мен парольді пайдаланыңыз

Логин: demo-parent@pfzh.kz

Пароль: pfzh

Педагог-психологтарға арналған ақпарат


Педагог-психологтардың біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламалары
Мектептегі педагог-психологтің әдістемелік құралы
Әдістемелік ұсынымдар
Педагог-психологтың «Ресурс» жұмыс дәптері
Педагог-психологтардың біліктілігін арттыру курсының бағдарламасы Іс-қағаздарын жүргізу. Педагог-психолог іс-әрекетінің негізгі бағыттары(72 сағат)
Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездік фактілерінің алдын алуда педагог-психологтарға арналған білім алушылардың ата-аналарын, қамқоршыларын және мамандарды ақпараттандыру АЛГОРИТМІ
Психологиялық мәселелердің барлық түрлерін шешуге арналған "Genesis" Экспресс-психотерапиялық тәсілі
«Ресурс балалардың психикалық жағдайын диагностикалау жүйесімен жұмыс істеуге дайындық» атты педагог-психологтардың біліктілігін арттыру курсының бағдарламасы (72 сағат)
"Дарынды оқушылармен жұмыс" Педагог-психологтардың біліктілігін арттыру курсының бағдарламасы (72 сағат)
Балалар мен жасөспірімдердің ата-аналарына арналған "Ата-ана университеті" біліктілікті арттыру курсының бағдарламасы
"Жеке тұлғаның психикалық жағдайын диагностикалау жүйесі " деп аталатын компьютерлік бағдарлама
«Қазақ психологиялық қоғамы» - қазіргі заманғы интеграциялық тенденциялар және даму перспективалары
Сертификаттар

Қор туралы


"Жанұя " Қоғамдық Қоры - қиын өмірлік жағдайға тап болған балалар мен отбасыларға әлеуметтік, заңдық, психологиялық көмек көрсету үшін, құрылған ұйым.

Қоғамдық Қордың басым бағыттағы жұмысы, ол әлеуметтік жетімдікті алдын-ала ескеруге, қиын өмірлік жағдайдағы балаларды дер кезінде анықтауға арналған профилактикалық іс-шаралар. Осы бағытта Қоғамдық Қор Білім және Ғылым Министрлігі балалар құқықтарын қорғау Комитетімен, Алматы облысы Білім беру Басқармасымен, Алматы қаласы Ішкі Істер Департаментінің Жергілікті полиция қызметтерімен бірлесе отырып, қиын өмірлік жағдайдағы балалар мен отбасыларды анықтау, оқыту, кәсіби психологиялық және құқықтық көмек көрсету бойынша жұмыс жүргізеді. Балалар мен отбасыларға кәсіби көмек көрсету үшін Қоғамдық Қор жұмысына заңгерлер, әлеуметтік педагогтар, психологтар жұмылдырылған, психиатрдың кеңесі қарастырылған.

Біздің миссиямыз - отбасы ішіндегі қарым-қатынастарды үйлестіру, жаңа Қазақстанның болашақ құрылысшылары ретінде өскелең ұрпақтың психологиялық денсаулығын сауықтыру.

Қор қызметінің мақсаты:

- Көмекке мұқтаж адамдарды анықтау және өмірлік қиын жағдайда жүрген отбасылар мен балаларға әлеуметтік, заңдық, психологиялық қолдау көрсету;

- балалар мен ата-аналарға психологиялық көмек көрсету (кеңес беру, психотерапия, психодиагностика, тренингтік және дамытушылық сабақтар, психопрофилактика);

- баланың психологиялық даму ерекшеліктерін түзетуге бағытталған балалармен психокоррекциялық жұмыс;

- әлеуметтік зерттеулер жүргізу.;

- нарықтық конъюнктураны зерттеу және қоғамдық пікірді зерттеу;

- жастар, отбасы мүшелері, тұрғындар арасында агрессиялық, суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізу;

- отбасы институтын нығайтуға және отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру.

- психологтардың білім сапасын арттыру бойынша оқу-әдістемелік жұмыстың мазмұнын жетілдіру бойынша әдістемелік құралдарды, ұсынымдарды ұйымдастыру және әзірлеу;

- психология саласындағы ғылыми және ғылыми-ұйымдастырушылық мәселелер бойынша уәкілетті органдарға ұсыныстар енгізу бірлескен іс-шаралар өткізу, психология саласындағы ғылыми әзірлемелер туралы ғылыми әдебиеттермен және өзара ақпаратпен алмасу мақсатында шетелдік ғылыми қоғамдастықтармен кәсіби байланыстарды нығайту;

Біздің команда


ЕСИМБЕКОВА АЙГУЛЬ КАНАТОВНА

«Жанұя» Отбасын қолдау орталығы» ҚҚ Негізін қалаушы

ПЕРЛЕНБЕТОВ МУХАН АТЕНОВИЧ

«Қазақ психологиялық қоғамы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті


Халықаралық психологиялық ғылымдар академиясының академигі (РФ)
Психология ғылымдарының докторы Профессор

ДАВЛЕТОВА АКМАРАЛ АМАНГЕЛДИЕВНА

психология ғылымдарының докторы, «Қазақ психологиялық қоғамы» РҚБ вице-президенті, МАПН академигі, РАЕ профессоры, Қайнар академиясының доценті

БАЙЗДРАХМАНОВА АЛИЯ КАМИДУЛЛОВНА

Зорлық-зомбылық және суицид бойынша сарапшы

ИСХАКОВА ЭЛЬЗАРА ВАРИСОВНА

Сарапшы

АЛИБАЕВА РАУАН НУРГАЛИЕВНА

Психология магистрі, PhD докторант, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дің лекторы (аға оқытушысы)

Біздің серіктестер







Галерея


Пікірлер




  • Алғыс хат

  • Алғыс хат

  • Алғыс хат

  • Алғыс хат

  • Алғыс хат

  • Алғыс хат

  • Алғыс хат

  • Алғыс хат

  • Алғыс хат

  • Алғыс хат

  • Алғыс хат

  • Алғыс хат

  • Алғыс хат

  • Алғыс хат

  • Алғыс хат

  • Алғыс хат

  • Алғыс хат

  • Алғыс хат

  • Алғыс хат

  • Алғыс хат

  • Алғыс хат

  • Алғыс хат

  • Алғыс хат. Жалғасы

  • Алғыс хат

  • Алғыс хат. Жалғасы

  • Пікір

  • Пікір

  • Пікір

  • Пікір

  • Пікір


Байланыс


«Жанұя» Қоғамдық Қоры

050600 Қазақстан Республикасы

г.Алматы, Тимирязев к-сі 42а, корпус 15/109, офис 207

тел. +7 701 154 0997

тел. +7 708 376 2396

тел. +7 777 189 4339

email: info@pfzh.kz